«Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын
iске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 Қаулысы
(2006.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келiсім бойынша) Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын, 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі жылына екі рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының