«Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы
Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1073 Қаулысы
(2006.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 2006.30.05. № 474 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы Амангелді Смағүлұлы Шабдарбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |