«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы 1073 және 2005 жылғы 26 қазандағы № 1074 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 474 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы 1073 және 2005 жылғы 26 қазандағы
№ 1074 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 474 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1073 қаулысында:

2-тармақтағы «Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа» деген сөздер «Амангелді Смағүлұлы Шабдарбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1074 қаулысында:

2-тармақтағы «Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа» деген сөздер «Амангелді Смағүлұлы Шабдарбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов