«Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу
тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі
қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 477-НҚ бұйрығына толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 3 қазандағы № 291-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ Бұйрығымен күші жойылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына, "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 477-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3278 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: