Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 477-НҚ бұйрығы (2005.03.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу
тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру
жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын)
бекіту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8
желтоқсандағы № 477-НҚ бұйрығы

(2005.03.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының  2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ Бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.03.10. № 291-НҚ бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына және Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттар енгізген табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу мен бекітудің бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х. Тоқыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.