(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу
тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру
жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын)
бекіту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8
желтоқсандағы № 477-НҚ бұйрығы

Осы редакция 2005 ж. 3 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттар енгізген табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу мен бекітудің бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х. Тоқыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А. Токарева) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.