«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1664 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 
Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегi
Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлi туралы ереженi бекіту туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi туралы ереже бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi мен оның аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы қазанның 28-і.

№ 1664

 

Қазақстан Республикасы

Президентінiң

2005 жылғы 28 қазандағы

№ 1664 Жарлығымен

бекітілген

 

Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы

Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының (бұдан әрi - ҰҚШҰ) жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкілеттi өкiлінің мәртебесiн және өкілеттігiн белгiлейдi.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілiн (бұдан әрi - Өкілетті өкіл) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Өкiлетті өкіл лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілеттi Елшiсiне теңестіріледi.

Өкілетті өкiлге «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерi қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.