(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ Ж/Е ҒЫЛЫМ МИН-ІҢ 29.05.03 Ж. № 354 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына
қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы № 354 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 05.06.04 ж. № 520; 13.08.04 ж. № 683
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 26 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бұр. ред. қара

Магистратураға қабылдау мәселелерiн реттеу мақсатында және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтiк ережесi бекітілсiн.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр .М. Мұтановқа жүктелсiн.

Министр

 

 

 

 

 

 

Ш. Беркімбаева

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2003 жылғы 29 мамырдағы

№ 354 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының

магистратурасына қабылдаудың типтік ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың осы типтік ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 05.06.04 ж. № 520 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына кәсіптік жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.