БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесінің комитеті төрағасының 2003 ж. 7 қаңтардағы № 6 бұйрығы

 

Осы редакция 2005 ж. 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 21-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету ережесі бекітілсін.

2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар бойынша басқармалары, түзеу мекемелерінің бастықтары практикалық қызметте осы Нұсқаулықты мүлтіксіз басшылыққа алсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары әділет полковнигі Қ.М.Есқалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

 

П. Н. Посмаков

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

Қылмыстық-атқару жүйесі

комитеті Төрағасының

2003 жылғы 7 қаңтардағы

6 бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне

келіп-кету ережесі

1. Жалпы қағидалар

1. Өткізу режимі - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің жазаны орындау мекемесінің немесе органының аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару) бойынша, сондай-ақ режимдік объектілердің аумағына арнайы рұқсат бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметкерлерінің, азаматтар мен өзге де тұлғалардың өтуі мен болуының тәртібін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы.

Өткізу режимі:

1) ҚАЖ режимдік объектілеріне, түзеу мекемелерінің (бұдан әрі - ТМ) режимдік үй-жайларына бөгде адамдардың басып кіруін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.