Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық
мемлекеттік комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 02.02.04 ж. № 123; 14.05.04 ж. № 539;
2005.09.02. № 122 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 31 қазанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы бекiтілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының