«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1018 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 10 қарашадағы № 1117 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегі № 1018 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 317-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесiнде:
мәтінде «Қаржы орталығы», «Қаржы орталығының», «Қаржы орталығына» деген сөздер тиiсiнше "Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент)", "Сенім бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттің)", "Сенім бiлдiрiлген өкiлге (агентке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ "пайдаланудың" деген сөзден кейiн "және оларды кейiннен қайтарудың" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң (бұдан әрi - Қаржы орталығы) депозиттiк шоты" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) (бұдан әрi - сенім бiлдiрiлген өкiл (агент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"арқылы" деген сөзден кейін ", несиенi өтеу кестесiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы "хабарлама" деген сөз "куәлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) оқу аяқталғаннан кейiн қарыз алушыға мемлекеттік білім беру несиелерi бойынша нақты оқу кезеңiне берiлген несиенiң жалпы сомасы, оны қайтарудың шарттары мен мерзiмi туралы хабарламаны, несиенi өтеу кестесiн бередi, ал қарыз алушы Сенім бiлдiрiлген өкiлге (агентке) нақты тұратын және/немесе тiркелген жерi, жұмысқа орналасқан жерi, кепiлдiк берушiнiң кiрiстерi туралы мәлiметтер бередi.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Қарыз алушыны басқа оқу нысанына ауыстырған кезде, сондай-ақ студенттер мемлекеттік білім беру несиесi негiзiнде оқу құқығынан бас тартқан жағдайда мемлекеттік білім беру несиесiн алу құқығын беру туралы куәлiк жарамсыз деп танылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Науқастануына не мемлекеттік білiм беру гранттары бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.
Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен не өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы оқуды тоқтатқан күннен бастап бір жыл iшiнде оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.
Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда берiлген несие сомасын өтеу жөніндегі мiндеттемелер кепiлдiк берушiге жүктеледi. Несиенi қайтару мерзiмi үш жақты несие келісімiнде көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Несиенi өтеу берілген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қарыз алушы оқу бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақырылған не қарыз алушы жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскен жағдайда несиенi өтеу әскери қызметтен өту және оқу кезеңiне, бірақ екi жылдан аспайтын кезеңге тоқтатылады, бұл ретте несиенi өтеу кестесi несиенi өтеу мерзiмiн өзгертусiз түзетуге жатады. Төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру үшiн қарыз алушы Сенім бiлдiрілген өкілге (агентке) армияға шақырылғандығын немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскендігін растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш беруi қажет.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Науқастануына не мемлекеттік білiм беру гранты бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен қайтарады.
Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен немесе өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын оқуды тоқтатқан күннен бастап бір жыл iшiнде қайтарады.
Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда берiлген несиенi қайтару жөніндегі мiндеттемелер кепiлдiк берушiге жүктеледi. Несиенi қайтару мерзiмi үш жақты несие келісімiнде көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Несиенi өтеу берілген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
"36. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) Қазақстан Республикасы Көшi-қон полициясының қызметтерiмен (бұдан әрi - көшi-қон полициясы) келісім бойынша оларға Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) алдында мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтардың тiзiмiн бередi. Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтар көшi-қон полициясына елден тысқары шығу мақсатымен өтiнiш жасаған жағдайда, көшi-қон полициясы Сенім бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) әрбір жағдай бойынша жеке хабардар етедi.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |