Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 шілдедегі № 1018 қаулысы (2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды
мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 20 шілдедегі № 1018 қаулысы

(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын атқару үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі несиелер беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды және бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ететiн мемлекеттік білімдiк несиелендiру бағдарламасының әкiмшiлерi болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. № 420 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен екi айлық мерзiмде мемлекеттік студенттiк несие беру тәртібі туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. № 420 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

4. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігінен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен түсетiн несиелiк ресурстарды қабылдау және оларды мемлекеттік білімдiк несие бойынша жоғары білімдi мамандар даярлауды жүзеге асырушы заңды тұлғаларға аудару үшiн, сондай-ақ қарыз алушылардың қаражатты қайтаруын есепке алу және бақылау үшiн белгiленген тәртiппен Астана қаласы Қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент)" мемлекеттік мекемесiн депозиттiк шот ашуды камтамасыз етсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1999 жылғы 20 шілдедегі

№ 1018 қаулысымен

Бекiтiлген

ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Казақстан Республикасыньң жоғары оқу орындарында

мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi

1. Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Ереже мемлекеттік білімдiк және мемлекеттік студенттiк несиелердi беру үшiн Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңында көзделген каражатты пайдаланудың және оларды кейiннен қайтарудың тәртібін белгiлейдi.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік білімдiк несиелендiру бойынша кадрларды даярлауға, осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген сомалар шегiнде, қаражат бөледi.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі несие берудi жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен бюджетке қайтарылуына бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік білімдiк несиелендiру бағдарламасының әкімшiлерi (бұдан әрi - Уәкiлетті органдар) болып табылады.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

4. Мемлекеттік білімдiк және мемлекеттік студенттiк несиелер республиканың жоғары оқу орындарында (бұдан әрi - жоғары оқу орындары) оқу үшiн қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының тұрақты кiрiс көзi бар еңбекке қабiлеттi азаматының немесе заңды тұлғаның кепiлдiгiн ұсынуы арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi - қарыз алушылар) теңгемен берiледi. Қарыз алушылардың жекелеген санаттарына (жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар) мемлекеттік білімдік және мемлекеттік студенттiк несиелер көрсетiлген кепiлдiк берусiз берiледi.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Несие қаражатын бөлу ай сайын жүзеге асырылады. Мемлекеттік білімдiк несие 15 (он бес) жылға дейiн, мемлекеттік студенттiк несие 10 (он) жылға дейiн мерзiмге берiледi. Несие мерзiмiн есептеу үш жақты несие келісімi (бұдан әрi - үш жақты келісім) жасалған күннен басталады. Қарыз алушының несиенi өтеуi жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн алты айдан соң басталады. Төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) (бұдан әрi - сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арқылы, несиенi өтеу кестесiне сәйкес жылына кемiнде екi рет кезеңдiлiкпен республикалық бюджетке теңгемен төленедi.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2006.23.03. № 199 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) үш банкi күнi ішiнде шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты қоспағанда, несиелердi өтеу немесе игерiлмеген несие қаражаттарын қайтару шотына түскен қаржыларды республикалық бюджет кiрiсiне аударады.

Шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты Сенім білдірілген өкіл (агент) көрсетілген қаражатты салушыға қайтаруға тиіс.

7. ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 7-тармақ алып тасталды

2. Мемлекеттік білімдік несиенi беру

8. Мемлекеттік білімдiк несие - кәсiби білім беруге ақы төлеу үшiн окушыларға берiлетiн мақсатты несие.

9. Мемлекеттік білімдiк несие талапкерлердi кешендi тест байқауынан өткiзудiң нәтижелерi бойынша берiлетiн мемлекеттік сертификаттардың балдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемiнде конкурстық негізде берiледi.

10. ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 10-тармақ алып тасталды

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді

11. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі талапкерлердi тест байқауынан өткiзудi және елдiң жоғары оқу орындарына мемлекеттік білімдiк несиенi алуға талапкерлердi iрiктеудi ұйымдастырады.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді

12. Талапкер мемлекеттік білімдiк несиенi алуға өзi оқитын мамандықты және жоғары оку орнын таңдайды.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді

13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне оның ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарының мамандықтары бойынша талапкерлердi тест байкауынан өткiзудiң және мемлекеттік білімдiк несиенi алуға талапкерлердi iрiктеудiң нәтижелерiн бередi.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 ; 2005.10.11. № 1117 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 14-тармақ өзгертілді

14. Уәкiлеттi органдар заем алушыға жоғары оқу орнын, мамандығын, несие алушыға мемлекеттік білімдiк несиенi алуға құқық беру туралы куәлiк бередi.

15. ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 15-тармақ алып тасталды

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 16-тармақ өзгертілді

16. Заем алушы, жоғары оқу орны мен "Сенім бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттің)" арасында несие беру сәтiндегі бағамен (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жыл сайын бекітілетiн қаулысына сәйкес несие мөлшерiн оқу жылында 1 студенттi оқыту шығыстарына кейiннен индекстеу арқылы), оқудың бүкiл мерзiмiне теңгемен жоспарланатын несиенiң мөлшерi, несиенiң мақсаты, несиенi берудiң шарттары мен өтеудiң мерзiмдерi, тараптардың мiндеттемелерi, оның iшiнде заем алушының несиенi қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттемесi (тұрақты табыс көзi бар, бiр немесе одан да көп еңбекке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кепiлгерлiгi) көзделетiн үш жақты келісім жасалады.

Кәмелетке толмаған қарыз алушылар ата-аналарының, асырап алушылардың немесе қорғаншылардың келісімімен үш жақты келісім жасайды.

17. ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 17-тармақ алып тасталды

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді

18. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент), Уәкiлеттi органдар берген заем алушылардың тiзiміне сәйкес, несие қаражатын тiкелей жоғары оқу орындарының шотына нысаналы мақсат бойынша қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Заем алушыларға мемлекеттік білімдiк несиенiң есебiне қолма-қол ақша қаражатын беруге тыйым салынады.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді

ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19. Сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) оқу аяқталғаннан кейiн қарыз алушыға мемлекеттік білім беру несиелерi бойынша нақты оқу кезеңiне берiлген несиенiң жалпы сомасы, оны қайтарудың шарттары мен мерзiмi туралы хабарламаны, несиенi өтеу кестесiн бередi, ал қарыз алушы Сенім бiлдiрiлген өкiлге (агентке) нақты тұратын және/немесе тiркелген жерi, жұмысқа орналасқан жерi, кепiлдiк берушiнiң кiрiстерi туралы мәлiметтер бередi.

ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды

19-1. Қарыз алушыны басқа оқу нысанына ауыстырған кезде, сондай-ақ студенттер мемлекеттік білім беру несиесi негiзiнде оқу құқығынан бас тартқан жағдайда мемлекеттік білім беру несиесiн алу құқығын беру туралы куәлiк жарамсыз деп танылады.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. № 420 қаулысымен 20-тармақ толықтырылды (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.15.05. № 385 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр.ред.қара)

20. Науқастануына не мемлекеттік білiм беру гранттары бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.

Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен не өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы оқуды тоқтатқан күннен бастап бiр жыл iшiнде оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.

Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік білім беру несиелері бойынша талаптар тоқтатылады.

Қарыз алушы оқу бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақырылған не қарыз алушы жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскен жағдайда несиенi өтеу әскери қызметтен өту және оқу кезеңiне, бiрақ екi жылдан аспайтын кезеңге тоқтатылады, бұл ретте несиенi өтеу кестесi несиенi өтеу мерзiмiн өзгертусiз түзетуге жатады. Төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру үшiн қарыз алушы Сенім бiлдiрілген өкілге (агентке) армияға шақырылғандығын немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскендігін растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш беруi қажет.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда

21. Қарыз алушыға академиялық демалыс берілген жағдайда несие мерзімі қарыз алушы, жоғары оқу орны және Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) арасындағы үш жақты келісімге тиісті қосымша келісімді ресімдеу арқылы академиялық демалыс кезеңіне ұзартылады. Уәкілетті органның бұл қарыз алушының несиесі бойынша қаржы бөлуі академиялық демалыс кезеңіне тоқтатылады және студенттің оқуын жалғастыруы туралы жоғары оқу орны бойынша бұйрық шыққаннан кейін қайтадан басталады.

3. Мемлекеттік студенттік несиенi беру

22. Мемлекеттік студенттiк несие - оқып жатқан адамға тамақтануға, тұруға және оку әдебиеттерiн сатып алуға арналған шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн мақсатты несие.

23. Уәкiлетті органдар жоғары оқу орындарына мемлекеттік студенттік несиелердi төлеу қорының лимитгерiн хабарлайды.

24. Жоғары оку орны мемлекеттік студенттiк несие алуға талапкерлердi iрiктейдi. Бұл ретте, бiрiншi кезекте, мемлекеттік студенттiк несие жетiм-студенттерге, ата-ана қамқорлығынан айырылған студенттерге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан студенттерге және емтихандық сессияның қорытындысы бойынша жоғары көрсеткiш алған студенттерге берiледi. Аталған талаптар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен расталуы керек.

25. Жоғары оқу орны жүргізiлген iрiктеудiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi Уәкiлеттi органдарға хабарлайды.

26. Уәкiлеттi органдар заем алушыға бiр жыл оқуға арналған несиенiң мөлшерiн теңгемен көрсете отырып, мемлекеттік студенттiк несие алуға құқық берiлгенi туралы хабар бередi.

27. ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 27-тармақ алып тасталды

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 28-тармақ өзгертілді

28. Заем алушы, жоғары оқу орны мен "Сенім бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттің)" арасында несие беру сәтiндегі бағамен, оқудың бүкiл мерзiмiне теңгемен жоспарланатын несиенiң мөлшерi, несиенiң мақсаты, несиенi берудiң шарттары мен өтеудiң мерзімдерi, тараптардың мiндеттемелерi, оның iшiнде заем алушының несиенi қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегі мiндеттемесi (тұрақты табыс көзi бар бiр немесе одан кеп еңбекке қабiлетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кепiлгерлiгi) көзделетiн үш жақты келісім жасалады. Үш жақты келісім бiр оқу жылына жасалады және әрбiр келесi оқу жылында қайта жасалуы мүмкiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 29-тармақ өзгертілді

29. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент), жоғары оқу орындары бөлiнiсiнде заем алушылардың тiзiмдерiне сәйкес, несие қаражатын тiкелей жоғары оқу орындарының шоттарына нысаналы мақсаттар бойынша қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының студенттік несие қаражатын беруі үш жақты келісім шарттарына сәйкес қолма-қол ақшамен немесе қарыз алушылардың кәртішке-шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

30. ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 30-тармақ алып тасталды

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.15.05. № 385 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр.ред.қара)

31. Науқастануына не мемлекеттік білiм беру гранты бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен қайтарады.

Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен немесе өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын оқуды тоқтатқан күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтарады.

Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады.

4. Несие қаражатының мақсатты пайдаланылуын

және несиелердiң өтелуiн бақылау

32. Уәкiлеттi органдар несие қаражатының уақытылы және мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ қаражаттың бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда

33. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) түскен несие қаражаттарының сомалары туралы белгіленген нысан бойынша қарыз алушылар, мамандықтар мен курстар бөлінісінде тоқсан сайын Уәкілетті органдарға мәліметтер беріп отырады. Бұл ретте мәліметтерде қарыз алушылардың мемлекеттік білімдік несиелендіру шеңберінде жасасқан шарттарының нөмірлері мен күндері көрсетілуі тиіс.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді

34. Заем алушы басқа жоғары оқу орнына ауысқан, оған академиялық демалыс берiлген, ол оқудан шығарылған және заем алушының басқа да ауысулары болған, не заем алушының жоғары оқу орнымен байланысы үзiлген жағдайда, жоғары оқу орны бұл туралы Уәкiлеттi органға және Сенім бiлдiрiлген өкiлге (агентке) дереу хабарлайды.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 35-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. № 420 қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)

35. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар жыл сайын Қазақстан Республикасының Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органына жоғары оқу орындарына аударылған несие қаражатының сомасы туралы, мамандықтар топтары бойынша жоғары оқу орындары мен қарыз алушылар бөлiнiсiнде несиелердi өтеу және игерiлмеген қаражатты қайтару сомасы туралы мәлiметтер, Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi қаржы-экономикалық негiздемелермен және есептеулермен бiрге мемлекеттік білімдiк және мемлекеттік студенттiк несиелердi қайтарудың болжамды көлемi туралы мәлiметтер берiп тұрады.

ҚР Үкіметінің 2005.10.11. № 1117 қаулысымен 36-тармақпен толықтырылды

36. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) Қазақстан Республикасы Көшi-қон полициясының қызметтерiмен (бұдан әрi - көшi-қон полициясы) келісім бойынша оларға Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) алдында мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтардың тiзiмiн бередi. Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтар көшi-қон полициясына елден тысқары шығу мақсатымен өтiнiш жасаған жағдайда, көшi-қон полициясы Сенім бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) әрбiр жағдай бойынша жеке хабардар етедi.