«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы кезекті сайлауына байланысты
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың теледидарлық пікірталастарын ұйымдастыру және өткізу, оларды өткізудің регламентін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 12 қарашадағы № 44/88 қаулысы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы № 91/183 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 27 және 28-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың теледидарлық пікірталастары (бұдан әрі - теледидарлық пікірталастар) 2005 жылғы 17 қарашада сағат 18.00-де "Хабар" республикалық теледидарлық арнасының эфирінде ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Теледидарлық пікірталастарды өткізудің регламенті бекітілсін.
3. Теледидарлық пікірталастарды өткізудің регламенті, оларға қатысуға ниет білдірген, барлық Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың және "Хабар" республикалық теледидарлық арнасының назарына жеткізілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлейменге жүктелсін.
Төраға | О. Жұмабеков |
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 12 қарашадағы
№ 44/88 каулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы кезекті сайлауына байланысты
Қазақстан Республикасы Президенттігіне
кандидаттардың теледидарлық пікірталастарын өткізудің регламенті
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркеген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың (бұдан әрі кандидаттардың) теледидарлық пікірталастары 2005 жылғы 17 қарашада сағат 18.00-де "Хабар" республикалық теледидарлық арнасының эфирінде Алматы қаласындағы студияда өткізіледі.
2. Теледидарлық пікірталастардың тақырыптары: