«Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 281 Бұйрығы (2009.27.07. берілген өзгерістемен) (күші жойылды)

Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 281 Бұйрығы

(2009.27.07. берілген өзгерістемен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 174 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Бертісбаев Н.Б.) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-Министрі Б.Е. Оразбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

В. Школьник

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика және минералдық

ресурстар министрінің

2005 жылғы 22 қазандағы

№ 281 бұйрығымен бекітілген

 

Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық

броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық

 

І. Жалпы ережелер

 

1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін (бұдан әрі - АТБ актісі) жасау жөніндегі нұсқаулық АТБ актісін жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысымен бекітілген авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережелері мен шарттарына сәйкес әзірленді.

2. АТБ актілері авариялық шектеулер мен электр энергиясы тұтынушыларын ажыратулардың кестелерін әзірлеуге арналған бастапқы құжаттары болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.