Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының
тізбесін бекіту туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы
7 сәуір № 56-а-б
Осы редакция 2005 ж. 2 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитеті алқасының 1998 жылғы 14 тамыздағы № 2/5 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қарашада № 634 тіркелген) Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауар, жұмыстар) өндіру және көрсету бағаларында (тарифтерінде) ескерілген шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес қызметкерлер лауазымдарын әкімшілік қызметшілерге жатқызу жөніндегі бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, қызметкерлердің нормативтік санын бекіткен кезде еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды айқындау мақсатында бұйырамын:
1. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының ұсынылып отырған Тізбесі бекітілсін.
2. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдарының жаңаларының енгізілуіне және ескілерінің алынып тасталуына қарай аталған Тізбеге өзгерістер енгізілсін.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі М.Қ. Ауановқа жүктелсін.
Министр
және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
1999 жылғы 7 сәуір № 56-а-б
бұйрығымен бекітілген Қосымша
Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер
лауазымдары атауларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері лауазымдарының мынадай атаулары әкімшілік қызметшілерге жатады:
Әкімші, сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының әкімшілерінен басқа
Әкімші көмекшісі
Әкімші хатшысы
Төреші
Аудитор