2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 6 ақпандағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Акционерлік қоғамның үлгі жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. _________________________________ акционерлік қоғамының (бұдан әрi - қоғам) осы Жарғысы * оның атауын, орналасқан жерiн, оның органдарын құру тәртібі мен құзыретiн, оны қайта ұйымдастыру мен қызметiн тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да ережелердi айқындайды.
2. Қоғамның толық атауы:
1) мемлекеттік тiлде: ___________________________;
2) орыс тілінде: ________________________________.
3. Қоғамның қысқартылған атауы:
1) мемлекеттік тілде: ___________________________;
2) орыс тілінде: ________________________________.
4. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерi: ______.
2. Қоғамның заңдық мәртебесi
5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктiк шоттары болады, ол өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асыра алады, мiндеттер атқарады, сотта талап қояды және жауап бередi.
6. Қоғамның өз атауы және өзге де деректемелерi жазылған, оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi мөрi және бланкiлерi болады.
7. Қоғам өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.