«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 351-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тізбеге сәйкес:
1) "Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.