«Құнды жас балық өсіру жөнінде балық өсіру-технологиясының
уақытша нормативтерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық
шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 сәуірдегі
№ 16-6/28п бұйрығы
Құнды жас балық өсіру жөнінде нормативті-технологиялық құжаттардың сапасын одан әрі көтеру мен тәртіптеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған құнды жас балық өсіру жөнінде балық өсіру-технологиясының уақытша нормативтері бекітілсін.
2. Балық шаруашылығы комитетінің ведомствалық кәсіпорындары өндірістік процесстерді ұйымдастыруды құнды жас балық өсіру жөнінде балық-өсіру технологиясының уақытша нормативтері талаптарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау өсім молайту және балық шаруашылығын дамыту бөліміне (Садықов Д.М.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Төраға | Қ. Сүлейменов |
ғылыми-өндірістік орталығымен әзірленген | Балық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 16-6/28п бұйрығымен бекітілген |
Құнды жас балық өсіру жөнінде балық өсіру-технологиясының
уақытша нормативтері
1. Құнды жас балық өсіру жөнінде балық өсіру-технологиясының
уақытша нормативтері
Тоғандық балықтар өсіру кезінде балық өсіру-технологиялық нормативтеріне өмір сүру ортасының температуралық режімінің көрсеткіштері тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты бұрынғы СССР аумағы бүгінге күнге дейін өзгеріссіз жасап келе жатқан балық өсірудің жеті аймағына бөлінген болатын. Бұл аймақтардың шегарасы жылдағы күн санын ауа темперетурасын 15оС және жоғарыда сипаттайтын изосызықтармен анықталған. Мұндай күндер саны солтүстіктен оңтүстікке қарай әрбір келесі аймақта 15-ке көбейіп отырады. Осы принцп бойынша Қазақстан аумағына балық өсірудің алты аймағы бөлінген.
Кесте 1.1 - Қазақстанда балық өсірудің тоғандық аймақтары