(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 21 сәуірдегі № 138 қаулысы

(2005.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция  2005 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 12.04.04 ж. № 113 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Мыналар бекітілсін:

1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (1-қосымша);

2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты (2-қосымша);

3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты (3-қосымша).

2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және кастодиан банктерге жіберсін.

3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

 

 

 

Г.Марченко

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.