Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1305 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.
2. Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және әділет органдарында олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі