Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010.01.02. № 24-ө Бұйрығымен ереже жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрі міндетін атқарушының

2005 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 306-ө бұйрығымен бекітілген

 

 

Стационарлық үлгідегі психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету
үлгі ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет тәртібін, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерді МӘҰ-ға қабылдаудың, ұстаудың, шығарудың (шығарып жіберудің), олардың уақытша кетуінің және ауыстырылуының шарттарын және мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы субъектілердің стационар жағдайында оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайды.

2. МӘҰ барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда;

жіті психотиялық симптоматикасының болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;

психотиялық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;

жарыместік белгілері мен сирек тырыспа және эквиваленттері (айына бес реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлі нысандары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.