Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 Қаулысы
(2015.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.27.05. № 80 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.29.03. № 27 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.25.07. № 154 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.05. № 80 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Монетарлыққа жататын қызмет - ақша кредит саясатын іске асыру, алтынвалюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және мынадай операциялар кіретін заңды тұлғалардың активтерін басқару мақсатында:
заемдар беру;
халықаралық қаржы ұйымдарынан, шетел мемлекеттерінің орталық банктерінен және басқа кредиторлардан кредиттер алу;
депозиттерді тарту және орналастыру;
коммерциялық вексельдерді қайта есептеу;
шетел валютасын сатып алу және сату;
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару және орналастыру;
мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу құқығы бар бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бағалы қағаздармен өзге де операцияларды жүргізу;
валюталық құндылықтарды және қымбат металдарды әкелу, әкету;
қымбат металдарды, оның ішінде тазартылған алтынды сатып алу және сату, Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы нарықта қымбат металдармен басқа операцияларды жүзеге асыру;
қымбат металдарды және асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сынақтар және сараптау жүргізу, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүзеге асыру үшін қажет тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу;