Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 2010 жылғы 29 наурыздағы № 27 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының з-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
он бірінші абзацта «сақтау,» деген сөзден кейін «сынақтар және» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын дайындау, сатып алу, сату, өтеуін төлеп сатып алу, сақтау, жеткізу, әкету, ауыстыру, өңдеу, орау, айырбастау, айналыстан алу және жою, олардың дизайнын айқындау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу, айналысқа шығарғанға дейін ұлттық валютаның банкноталары мен монеталары туралы ақпараттық материалдарды дайындау, сондай-ақ аталған операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу;»;
он төртінші абзацта «құралдарымен» деген сөзден кейін «, арнайы қарыз алу құқықтарымен (АҚҚ)» деген сөздермен толықтырылсын;
он тоғызыншы абзацта «шоттарын» деген сөзден кейін «Ұлттық Банкте» деген сөздермен толықтырылсын;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төлем жүйелерінің жұмыс істеуі, ақша төлемдері мен аударымдарының барлық түрлерін, оның ішінде қайта жіберумен, қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты және төлем құжаттарымен өзге де операцияларды жүргізу;»;
жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: