Еуразия даму банкін құру туралы келісім (Жоба) (2005 жыл 1 желтоқсан)

Жоба

Еуразия даму банкін құру туралы келісім

 

Осы келісімге қол қою туралы ҚР Президентінің Жарлығының жобасы. ҚР Президентінің қарауына ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 1178 Қаулысымен енгізілді

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы (бұдан әрі - Тараптар) осы Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсуіне және олардың сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Еуразия даму банкіне (бұдан әрі - Банк) мүше мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен олардың экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге ықпал етуге тартылған Банк құрылсын.

Банк басқа халықаралық қаржы және банктік ұйымдармен және одақтармен өзара іс-әрекет ету жолымен, сондай-ақ осы ұйымдар мен одақтарға қатысу жолымен халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседі.

 

2-бап

 

Банк өз қызметінде халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын, қолданыстағы халықаралық шарттарды, осы Келісімді және Жарғыны басшылыққа алады.

Банк банктік қызметтің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді.

Банктің Жарғысы осы Келісіммен бекітіледі, оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімге Қосымша түрінде ресімделді.

Банк мүше мемлекеттердің аумақтарында өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшін Банкке мүше мемлекеттердің үкіметтерімен Банктің олардың аумақтарында болу шарттары туралы келісімдер, сондай-ақ Банкке мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерімен және Банкке мүше мемлекеттердің өзге де уәкілетті органдарымен келісімдер жасаса алады.

 

3-бап

 

Осы Келісім күшіне енгеннен кейін оған басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Банктің Жарғысында көзделген қажетті талаптар мен рәсімдерді орындаған жағдайда қосыла алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.