«Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 1178 Қаулысы

«Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 1178 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

"Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қол қою туралы

 

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Еуразия даму банкін құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы

№ __