Әлеуметтік салық бойынша декларацияны жасау ережелері (640.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005.12.12. № 554 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 554 бұйрығымен бекітілген

 

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды  

 

Әлеуметтік салық бойынша
декларацияны жасау ережелері
(640.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-тарауына сәйкес әзірленген және қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін, Салық кодексінің 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік салықты есептеуі мен уақтылы төлеуіне арналған Әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (640.00-нысан) және әлеуметтік салық салынатын объект туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (640.01) тұрады.

3. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

6. Қосымшаның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” Декларацияның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 

7. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша-салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық

түрде- салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.