Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 Қаулысы
(2013.11.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.11.11. № 1204 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында азық-түлікті негізді түрде талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормалары бекітілсін.
2. Жабдықты және асханалық-ас үйлік ыдысты сатып алу республикалық бюджеттен тиісті жылға арналып бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының