«Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар
мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 11 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 422-3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы ўділет министрлігі екі ай мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының