Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 5 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін.»;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
7-тармақтағы «90» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1, 2, 3-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының