Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Корпорациялық табыс салығы бойынша
есеп жасау ережелері
(121.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын орналастырудан кірістерді мәлімдеуіне және ай қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде “-” белгісімен белгіленеді.
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (121.00-нысан)
8. “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;