Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық комитеті
Төрағасының 2005 жылғы
12 желтоқсандағы № 554
бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Жеке табыс салығы бойынша аванстық
төлемдер сомаларының есебін жасау Ережелері
(221.01 - 221.04 нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығы бойынша 200.00 нысан мен 220.00-нысанның Декларациясын табыс ететін жеке тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.
1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады;
2) тапсырысты хатпен почта бойынша - салық агенті почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық агенті Есепті (қабылдау) жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
6. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (221.01-нысан)
7. Осы Есеп Салық кодексінің 126-бабына сәйкес Декларацияны тапсыруға дейін төленуге тиісті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған.
8. “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;