Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 891 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 6 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, телерадио хабарларын таратудың бүкіл инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі қаңтарда және шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 891 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының