7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: біліктілік арттыру курстарын өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарын өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғаш даярлықтан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстардан өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны - 76 бірлік; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілер саны - 84 бірлік; 2 атаулы оқ-дәрілері, 1 атаулы қару-жарақты, 13 атаулы 19 бірлік; арнайы кримтехниканы, 1 атаулы ұйымдастыру техникасын, 1 атаулы байланыс құралын, 4 атаулы ас үй жарақтарын, 4 атаулы медициналық жарақтарды; 4 бірлік компьютерлер сатып алу.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы даярлау курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 1,3%; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында біліктілік арттыру курстарын өткен білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету - 0,1%; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында біліктілік арттыру курстарын өткен білікті әскери қызметшілермен қамтамасыз ету - 0,4%; жаңа үлгідегі киім-кешек қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 55,5%; арнайы жабдықтар және материалдар қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 99,9%; активтер қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 52,4%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 74,6 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында курстардан өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 321,9 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында курстардан өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 52,8 мың теңге; бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 404,1 мың теңге.
Уақтылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы даярлау курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.
Сапасы: алғашқы даярлау курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы - 100%; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы - 100%; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы - 100%; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген әскери қызметшілер білімімен қанағаттануы - 100%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
47-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1662106 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс екі миллион бір жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; "Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкіметтік байланыс әскерлері әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1427 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 270 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 1 қазандағы № 255 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу университетімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 4 қазандағы № 191 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 5 қазандағы № 264 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдарының жүйесі үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапалы жоғары кәсіптік білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 2 744 бірлік; сырттай оқу бөлімінде оқитындар саны - 1 651 бірлік; Ресей Федерациясы оқу орындарында оқитын тыңдаушылар саны - 75 бірлік; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер саны - 40 бірлік күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 607 бірлік, оның ішінде үздік - 78 бірлік; сыртқы оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 455 бірлік, оның ішінде үздік - 30 бірлік; күндізгі бөлім бойынша оқудан шығарылған курсанттар - 50 бірлік; 1997-1998 жылдар үшін сыйақы алған әскери қызметшілер саны - 354 адам; 1 атаулы оқ-дәрілерді, 3 атаулы қорғаныс және белсенді қорғаныс құралдарын, 3 атаулы, ас үй жарақтарын, 1 атаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; есептеуіш техника: 74 бірлік компьютерлер, 26 бірлік принтерлер сатып алу.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарын жоғары білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету - 27,5%; ішкі әскерлерді жоғары білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету - 14,0%; жаңа үлгілі киім-кешекпен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 36,9%; арнайы жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 53,3%; активтермен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 36,6%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына 1 оқушыға кететін орташа шығын - 353,5 мың теңге; жылына Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 тыңдаушыға кететін орташа шығын - 1131,4 мың теңге; жылына Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшіге кететін орташа шығын - 331,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығын - 449,8 мың теңге.
Уақтылығы: өкімдемеге сәйкес күндізгі және сыртқы оқу бөлімдері бойынша ішкі істер органдарының тыңдаушылары мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін өз уақытында оқыту.
Сапасы: оқитындардың барлық санынан оқудан шығарылғандар yлесі - 1,8%; түлектердің жалпы санынан жоғары оқу орнын үздік бітіргендер саны - 15,3%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
48-қосымша
Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
49-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 915688 мың теңге (тоғыз жүз он бес миллион алты жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 32-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне білікті және уақытылы көмек көрсету жолымен олардың қызметтік міндеттерін атқаруды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыру деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне және ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің зейнеткерлеріне, сондай-ақ оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешенді, білікті, мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; ауруына байланысты өзінің қызметтік міндеттерін орындамайтын әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің % азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: