«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі)»
(ҚР Үкіментінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 55-62-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
55-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік
материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілеттi
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4382661 мың теңге (төрт миллиард үш жүз сексен екі миллион алты жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы;
«Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысы; «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара әрекеттестік туралы келісім» ТМД Үкіметі Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы Келісімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу, жою саласындағы жүктелген функцияларды тиімді орындаудың жетістіктері үшін уәкілетті органның қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы арнайы орындаушылық және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру, мемлекеттік материалдық резервтер, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, өнеркәсіпте, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауды қадағалау, өрт сөндіруді ұйымдастыру; кәсіби қызмет саласында өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін қойылатын біліктілік талаптарын және кәсіби шеберлігін жетілдіруге сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім беру, шеберлігі мен дағдыларын жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
а) өрт қауіпсіздігі саласында 5 нормативтік құжатты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 30 нормативтік құжатты (мемлекеттік стандарттар, ережелер мен ұсынымдар) бекіту; 80 мың шаруашылық жүргізу объектілеріне өрт-техникалық тексерістер жүргізу, салынып жатқан және қайта жаңғыртылған ғимараттардың 6 мың жобасын қарау, бұқаралық ақпарат құралдарында 850 сөйлеген сөздерді жариялау.
б) - 42 адамның кәсіби деңгейін арттыру, оның ішінде: 32 адам аумақтық органдардан;
- 110 адамды мемлекеттік тілге оқыту, оның ішінде: 74 адам аумақтық органдардан;
- 36 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Түпкілікті нәтиже:
а) төтенше жағдайлар оқиғасын азайту және барынша азайту, оның ішінде: төтенше жағдайлардан күтілетін материалдық залалды 2-3%-ға азайту, зардап шеккендер мен қаза болғандардың санын 3-4%-ға азайту, құтқарылғандардың санын 5-6%-ға арттыру жөнінде іс-шаралар өткізу;
б) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 30%-ға арттыру қажеттігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытуды 36%-ға және ағылшын тіліне оқытуды 12%-ға арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) жылына бір маманды ұстауға - 1052,9 мың теңге;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 49 100 мың теңге сомаға, өрт қауіпсіздігі саласында 7650,0 мың теңге сомаға нормативтік құжаттарды әзірлеу;
3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 11 мың теңге;
4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйрету үшін жұмсалатын орташа шығын - 9 мың теңге;
5) бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйрету үшін жұмсалатын орташа шығын - 13 мың теңге жұмсалады.
Сапасы:
а) адами факторға, зардап шеккендер мен қаза болғандардың санына. сондай-ақ өндірістік объектілер мен жеке меншік секторлардағы өрттердің, табиғи апаттардың нәтижесінде келтірілген материалдық шығындарға байланысты төтенше жағдайлар санының өсуін 100% ұстау; б) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік қызметтердің кәсіби талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсын бітіргеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесін 3%-ға, ағылшын тілін оқып-үйрену курсын бітіргеннен кейін ағылшын тілінде құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесін 2%-ға арттыру.
Уақтылығы:
- дер кезінде мән беру, белгіленген регламент аясында төтенше жағдайлардың алдын алу, жою;
- жасалынған келісім-шарттарға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
56-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюды ұйымдастыру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 14372999 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз жетпіс екі миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілерін және аумағын қорғау, төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою, төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу, ұдайы дайындықта тұратын авариялық-құтқару күштерін және төтенше жағдайларды жою құралдарын қалыпты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету. Селдің, қар көшкінінің, сырғыманың (лай көшкінін), опырылудың алдын алу және олардың зардаптарын жою, сел және жер сілкінісі құбылыстарын болжау, селден қорғау құрылыстарының пайдаланылуын, сел жүру қаупі бар объектілерге және сел ағындарына мониторинг пен бақылауды, қауіпті табиғи құбылыстардың (сел ағынының, қар көшкінінің, сырғыманың, опырылудың, жер сілкінісінің) әсерінен Қазақстан Республикасы халқының, шаруашылық объектілері мен жерлерінің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу. Республикалық жедел-құтқару жасағының, жедел-құтқару қызметтерінің, әскери бөлімдердің, өңірлік аэромобильді авариялық-құтқару жасақтарының, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің, өртке қарсы қызметтің мемлекеттік мекемелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде және оларды жою барысында қалыпты жұмыс істеуі үшін оларды қажетті жабдықпен, автокөлікпен, керек-жарақпен жарақтандыру. Құтқару бөлімшелерін төтенше жағдайлар аймақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, трансшекаралас сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимылдарды ұйымдастыруға оқыту (үйрету), Өрт қауіпсіздігі, өрттердің алдын алу және оларды жою, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғалуын арттыру саласындағы жұмысты жетілдіру. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халыққа жедел көмек көрсету. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және материалдық құралдар қорларын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға жоғары дайындықты, апат аймақтарына және берілген әскери тапсырмалар орындалатын аймақтарға авариялық-құтқару күштерінің жылдам ден қоюы әрі дер кезінде солай қарай жылжуын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу, жетуге қиын аймақтарда, аса күрделі объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру әрі жүргізу, дүлей апаттардың, авариялардың және апаттардың салдарынан зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсету, радиомобильдік, радиотелефондық, транктік, спутниктік байланыс түрлері арқылы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты дер кезінде және тұрақты қабылдау, алынған ақпаратты жедел өңдеу, авариялық-құтқару күштері мен төтенше жағдайлар басқарылатын пунктте жедел қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету. Республикалық жедел-құтқару жасақтарының, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарының, жедел-құтқару қызметтерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету, әскери бөлімдердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бақылау және хабар беру қызметтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, селден қорғау құрылыстарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, аэрошолу жұмыстары, мұздық көлдерді ағыту бойынша алдын алу жұмыстары, қар көшкіндерінің алдын алу мақсатында оларды түсіруге байланысты жару жұмыстары, жер сілкіністеріне байланысты қысқа мерзімді болжаулар жасау және сел жүру қаупі бар объекттер бассейндерінің гидрометеорологиялық сипаттамаларын анықтау бойынша ғылыми-болжау жұмыстары, бақылау және хабар беру бекеттерін ұстау. Күрделі климаттық және географиялық жағдайларда, аса күрделі объекттерде құтқару бөлімшелерінің практикалық оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу, дүлей апаттардың, авариялардың және апаттардың салдарынан зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсету жөнінде сабақтар ұйымдастыру және өткізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде авариялық-құтқару сайманын қалай қолдану керектігін үйрету. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде оларға дер кезінде ден қою үшін тікұшақтарды тиімді әрі ұтымды пайдалану. Авариялық-құтқару сайманымен, жабдықпен, керек-жарақпен және автомобиль техникасымен қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша тиімді қызмет істеу үшін өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту.. Шатырлы лагерь құруға арналған материалдық құралдарды сатып алу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: