Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты
есептеу Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 153 және 318-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелері бекітілсін.
2. "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 7 қарашадағы № 445 (нормативтік құқықтық актілерінің Тізілімінде 2597 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" 2003 жылы № 37-42, 885-б. жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Есмағанбетова Ж.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға
| М. Ысқақов |
Қаржы министрлігі Салық
комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу
және әлеуметтік салықты есептеу
Ережелері