«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы
№ 905 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 22 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 30-31, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесіндегі «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«және жарты жылдың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын»;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасында:
«Паспорт» деген 1-бөлімде:
«Әзірлеудің негізі» деген жол «Жолдауын» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»;
«Міндеттері» деген жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте анықтау жөніндегі шараларды әзірлеу және жетілдіру»;
«Қаржыландыру көздері» деген жол мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2006 жыл - 88590,0 мың теңге
2007 жыл - 93130,0 мың теңге
2008 жыл - 95907,0 мың теңге
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
2006 жыл - 168254,7 мың теңге
2007 жыл - 187682,0 мың теңге
2008 жыл - 200646,1 мың теңге
Іс-шараларды іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттердің жобаларын әзірлеу және қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады»;
«Іске асыру мерзімі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Іске асыру мерзімі 1999-2010 жылдар
1-кезең - 1999-2000 жылдар
2-кезең - 2001-2002 жылдар
3-кезең - 2003-2005 жылдар
4-кезең - 2006-2008 жылдар
5-кезең - 2009-2010 жылдар»;
төртінші абзацта «жұқпалы аурулардың алдын алу» деген сөздерден кейін «созылмалы жұқпалы емес аурулар, жарақаттар, жазатайым оқиғалар;» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац алынып тасталсын;
«Қазақстандағы проблеманың жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Созылмалы жұқпалы емес аурулар (бұдан әрі - СЖЕА) бүкіл әлемде өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себебі болып табылады. Бүгінгі таңда СЖЕА-дан өлім-жітім деңгейі бойынша - Еуропа елдерінде 100 мың халыққа шаққанда - орта есеппен 300 адам болса, Қазақстан 100 мың халыққа шаққанда 809 адамнан келіп, Орталық Азия, ТМД елдерінің, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасында бірінші орын алып отыр.
Барлық СЖЕА арасында аурулардың жалпы құрылымына қосатын үлесі бойынша анағұрлым елеулілері жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, диабет және жалпы өлім-жітім құрылымының 50 процентін құрайтын тыныс алу мүшелерінің тән емес созылмалы аурулары болып табылады.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім өлім-жітімнің барлық себептері арасында алда тұр.
Қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылған науқастар санының 20 проценті аурудың төртінші сатысында-ақ есепке алынады. Сырттан орын алған қатерлі ісіктерді, мысалы, сүт безі рагын кеш диагностикалаудың жоғары проценті ерекше алаңдаушылық туғызып отыр (56,1 проценті). Осының салдарынан, диагнозды белгілегеннен кейінгі бір жылдың ішінде науқастардың 14,7 проценті қайтыс болады, өмірдің 5 жылға ұзаруы 50 процентті құрайды. Мемлекет зор әлеуметтік және экономикалық залалға ұшырайды. Қымбат тұратын емдеуге және мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге арналған қаражат бір науқасқа 1,5 млн-нан астам теңгені құрайды. 65 жасқа дейінгі ер адамдар арасында рак салдарынан өлім-жітім Орталық Азия өңірінің басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда өте жоғары.
Өлім-жітім бойынша үшінші орында жарақаттар мен уланулар тұр, алайда, еңбекке қабілетті жастағы (16 - 62,5 жас) ер адамдардың өлім-жітімінің себептері арасында жарақаттар 2-орын алады. Соңғы жылдар ішінде жарақаттарға, улануларға және жазатайым оқиғаларға байланысты өлім-жітімнің өскені байқалады.
Жыл сайын 615 мыңнан астам жарақаттану мен улану оқиғалары тіркеледі.
Ең жоғары көрсеткіштер 15-17 жастағы топ жасөспірімдерінің арасында байқалып отыр.
Бронхиалдық демікпемен, қант диабетімен аурушаңдықтың жыл сайын үздіксіз өсуі Қазақстан үшін өзекті проблема болып қалып отыр.»;
оныншы және он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
«Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері» деген 4-бөлімде:
екінші абзацтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұқпалы аурулардың, созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың және басқалардың бастапқы алдын алуды күшейту;»;
үшінші абзац мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау жөніндегі шараларды әзірлеу және жетілдіру.»;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 5-бөлім 5) тармақшадағы «өмір салтын нығайту» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау»;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
бірінші абзацтағы «2003 жылы» деген сөздер алынып тасталсын;
кесте мынадай редакцияда жазылсын: