7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру - 2 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу; мемлекеттік тілді оқыту - 38 адам; ағылшын тілді оқыту - 18 адам; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін ұйымдастыру - 100%-ға орындау;
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін жиһаздар, шкаф-сейфтерін және ұйымдастыру техникасын сатып алу;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өріс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу - 100%-ға орындау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің тиімді және кідіріссіз қызмет етуін қамтамасыз ету; Агенттіктің мамандарын мемлекеттік тілге оқыту қажеттіліктерін 21,2%-ға орындау;
Агенттіктің мамандарын ағылшын тілге оқыту қажеттіліктерін 10%-ға орындау;
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын жиһаздармен қамту пайызы - 60% (Қазіргі уақытта Агенттік ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жиһаздарын қолданады), шкаф-сейфтерімен - 50%, ұйымдастыру техникасымен - 44%.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
орталық аппаратының 1 штат бірлігіне кететін орташа шығыны 1359,9 мың теңге, аумақтық органның 1 штат бірлігіне - 831 мың теңге құрайды;
Агенттіктің 1 маманын мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын - 10 315 мың теңге;
Агенттіктің 1 маманын ағылшын тілге оқытуға кететін орташа шығын - 17111 мың теңге;
Радиобақылау жабдығының 1 бірлігіне - 5750 мың теңге.
Уақтылығы: жасасқан келісім-шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларға сәйкес іс-шаралардың уақытылы орындалуы.
Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курстарын өткеннен кейін іс-жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізген мемлекеттік қызметкерлер үлесі 55%-ды құрайды;
ағылшын тілге оқыту курстарын өткеннен кейін іс жүргізуді ағылшын тілде жүргізген мемлекеттік қызметкерлер үлесі 27%-ды құрайды;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін ұйымдастыру - 100%-ды құрайды;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өріс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу деңгейі - 100%-ды құрайды;
жоспарланған нормативтік-құқықтық құжаттарды бекітуі - 100%-ды құрайды.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 369-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
369-1-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
002 «Электрондық үкіметті» қалыптастыру шеңберінде
мемлекеттік меншікке қатысу» деген республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1425000 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: KAZSAT спутнигі базасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы, Өскемен, Шығыс Қазақстан облысының 19 аудан орталықтары мен қалаларын қамтитын телекоммуникациялық инфрақұрылым құру. Алматы, Өскемен қалаларында қалалық талшықтық-оптикалық сақина құру. Ақпараттық құрылымның Астана қаласындағы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының пилоттық аймағымен ықпалдасуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында деректер берудің орталық жер станциясының жерсеріктік желісін, Алматы қаласындағы, Өскемендегі, Павлодар облысының 4 аудандарындағы, 19 орталық аудандар мен Шығыс Қазақстан облысы қалаларындағы мемлекеттік органдардың ЕТС ГО-ға жердегі жерсеріктік станциялары мен желінің қолжетімділігін қосатын, ЕТС ГО жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын іске асыру үшін АО «KazSatNet» кәсіпорнын құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
370-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 29313 мың теңге (жиырма тоғыз миллион үш жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; "Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын құру мен іске асырудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның бәсекелестік экономикасын одан әрі құрудың негізгі жағдайларының бірі ретінде инфо-коммуникациялық сектордың озып дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және дамыту; саланың инновациялық-технологиялық базасының дамуын және техникалық базамен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы инфо-коммуникациялық саланың дамуын ғылыми және білім берумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылу тенденциясын және осы заманғы жағдайын талдау; радиожиілік спектрді бөлуді жетілдіру; Қазақстан Республикасында инфо-коммуникациялық технологиялардың даму тенденциясын және жағдайын және оның әлемдік қауымдастығына кіру жолдарын талдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барлығы 6 ғылыми-зерттеу есеп беру әзірленеді, оның ішінде: байланыс саласында - 3, мемлекеттік қадағалау және лицензиялау саласында - 2, ақпараттандыру саласында - 1.
Соңғы нәтиже:
Байланыс саласында:
телекоммуникация және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік және нормативтік базасы жақсарады; республикада телекоммуникация желілерін цифрлеудің экономикалық және техникалық жағынан тиімді деңгейі, сонымен қатар инфо-коммуникациялық саланың ғылыми-білім потенциалының деңгейі анықталады;
мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласында:
Қазақстан Республикасында радиожиілік өрісін пайдалану тиімділігі жоғарылайды;
ақпараттандыру саласында:
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық салада алдыңғы қатарлы ақпараттандыру-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен даму перспективалары анықталады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: қолданбалы ғылыми зерттеулердің 1 тақырып бойынша орташа құны 3771 мың теңгені;
мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласында - 5 500 мың теңгені, ақпараттандыру саласында - 7 000 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: телефондық қондырғылардың, берілетін рұқсат қағаздар мен лицензиялардың, сонымен қатар ақпараттық ресурстардың саны көбейеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
371-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамыту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1680000 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқаруда қатысатын жоғарғы білікті мамандарды тарту арқылы байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамытуды қолдау, байланыс және телехабарларын тарату инфрақұрылымын жедел дамыту, қатынау қиын аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс пен телехабарларын таратудың халықаралық спутниктік жүйелерімен үйлесімділік, Қазақстан Республикасының жер үсті байланыс инфрақұрылымымен келісуді, спутниктік байланыстың жаңа технологияларын енгізу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Бюджетті бағдарламаның міндеттері: жер үсті басқару кешені мамандары үшін тұрғын үй-тұрмыс жағдайларын жасау, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі бастапқы жұмыстарды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары білікті мамандар үшін 2,0 мың шаршы метр тұрғын-үй іске қосылады, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шарт жасалады және нобайлық жобасын әзірлеу басталатын болады.
Соңғы нәтиже: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің мамандарын тұрғын-үймен қамтамасыз ету 50%-ды құрайды; байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесін дамыту Қазақстанға ғарыштық байланыс қызметтерінің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кателко» АҚ, «Астел» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Жарық» ЖШС, «Нұрсат» АҚ, «TNS Plus» АҚ, «Sa-Telcom» ЖШС, «Арна» АҚ телекоммуникациялық байланыс арналарын қорғанысты күшейту үшін ақпаратты қорғау құралдарын енгізе отырып, ұлттық ғарыш аппараттарына көшіруге, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: тұрғын-үй кешенінің 1 шаршы метріне кететін шығын - 51,4 мың теңге; техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес хабар тарату байланыс спутнигін пайдаланудың барлық мерзімі ішінде жобаның бюджеттік тиімділігі 125 %-ды, экономикалық тиімділігі 129 %-ды құрауға тиіс.
Уақтылығы: жұмыстардың кестесіне сәйкес тұрғын-үй жайларын пайдалануға дайындығы 100% құрайды; Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шартта айқындалған жасау және ұшыру кезеңдеріне сәйкес.
Сапасы: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің тұрғын-үй кешенінің сапасымен қанағаттандырылған мамандардың пайызы 100% құрайды Қазақстан Республикасының аумағын бірыңғай спутникпен қамту қабылдау нүктелерін барынша азайтуға байланысты кідіру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
372-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдардың
мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 168284 мың теңге (бір жүз алпыс сегіз миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы; «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.