ҚР Үкіметінің 2006.24.10. № 1022 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жабдықтауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді уақытында аудару.
Түпкілікті нәтиже: медициналық ұйымдардың жабдықталуын ең аз нормативтерге кезең-кезеңмен жеткізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларының орташа шығыстары:
- ауылдық және қалалық мемлекеттік БМСК мемлекеттік ұйымдарын нормативтерге сәйкес медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтау бойынша - 264 731,6 мың теңге, оның ішінде:
әйелдер консультациясы (кабинеттері) - 52 288,7 мың теңге; ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларды, ауылдық жерлердегі емханаларды - 219 628,5 мың теңге; жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтері - 20 267,9 мың теңге;
- жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтерін санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша - 15 080 мың теңге, ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларды, ауылдық жерлердегі емханаларды - 18 714,3 мың теңге;
- балалар ауруханаларын жабдықтау бойынша - 62 973,4 мың теңге; босандыру ұйымдары - 114 958 мың теңге;
- аудандық ауруханаларды жабдықтау бойынша - 73 814,3 мың теңге; қалалық және облыстық ауруханалар - 75 297,5 мың теңге; ауылдық учаскелік ауруханалар - 46 417 мың теңге;
- сәулелік терапия аппараттарын, сәулелік терапияны жоспарлауға арналған рентгендік стимуляторларды, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды жабдықтауға арналған рентгенограммаларды сатып алу бойынша - 114 849,2 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ескерту:*) республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
300-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік
Тапсырыс шеңберінде орта кәсіптік білім беру ұйымдарына оқыту құнын ұлғайту және
қосымша қабылдау бойынша шығыстарды
өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 77178 мың теңге (жетпіс жеті миллион бір жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 39, 42-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 8, 24, 27, 35, 43, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: облыстар бойынша орташа жылдық контингентке жергілікті деңгейдегі медицина колледждерінде оқу мен қабылдау құнының өсуіне байланысты шығыстарды жабу: Ақмола - 349; Ақтөбе - 435; Алматы - 288; Атырау - 309; Шығыс Қазақстан - 692; Жамбыл - 663; Батыс Қазақстан - 450; Қарағанды - 448; Қостанай - 438; Қызылорда - 599; Маңғыстау - 294; Павлодар - 348; Солтүстік Қазақстан - 213; Оңтүстік Қазақстан - 1428; Алматы қаласы - 474 және Астана қаласы - 346.
Түпкілікті нәтиже: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандар даярлау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығынды республикалық орта деңгейге дейін жеткізу - жылына 98737 теңге.
Уақтылығы: денсаулық сақтау саласының орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 2300 адам.
Сапа: медицина колледжін үздік бітірген орта кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 14
пайызы.
Ескерту: *) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
301-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық
сақтау саласындағы менеджерлерді қайта даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 190763 мың теңге (бір жүз тоқсан миллион жеті жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 39, 42-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 27, 35, 43, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денсаулық сақтау саласын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті БМСК мамандарымен және денсаулық сақтау саласындағы менеджерлермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: орташа есеппен алғанда 727 жалпы практика дәрігерлері мен 696 денсаулық сақтау менеджерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жүзеге асыру; тиісінше облыстар бойынша кемінде: Ақмола 49 және 44; Ақтөбе 49 және 44; Алматы 68 және 44; Атырау 48 және 40; Шығыс Қазақстан 29 және 44; Жамбыл 29 және 44; Батыс Қазақстан 38 және 44; Қарағанды 86 және 44 Қостанай 19 және 44; Қызылорда 49 және 44; Маңғыстау 40 және 40; Павлодар 49 және 44; Солтүстік Қазақстан 34 және 44; Оңтүстік Қазақстан 86 және 44; Алматы қаласы бойынша 19 және 44; Астана қаласы бойынша 35 және 44 жалпы практика дәрігерлері мен денсаулық сақтау менеджерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жүзеге асыру.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласын жалпы практика дәрігерлерімен және денсаулық сақтау менеджерлерімен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: БМСК мамандарының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын орташа шығын 69402 теңге, денсаулық сақтау менеджерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын орташа шығын - 195955 теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: БМСК деңгейінде халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
302-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды қанмен, оның компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етуді арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: материалдық-техникалық жарақтандыруға мақсатты ағымдық трансферттер аудару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: облыстық және қалалық қан орталықтарына кем дегенде 165 бірлік жабдық сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды қанмен, оның компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: сатып алынған бір бірлік жабдықтың орташа құны - 1212,1 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: жергілікті деңгейде дайындалатын қанның сапасын жақсарту.
Ескерту: *) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
303-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11955 мың теңге (он бір миллион тоғыз жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жария айналымнан жасырын айналымға ауысуына жол бермеу жолымен нашақорлықтың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денсаулық сақтау жүйесінде оларды ақпараттандыру және тиісті практиканы жүргізуге оқыту жолымен есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы бойынша қызметті іске асыратын мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: