«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 және
2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 1257 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1022 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 299-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының бесінші абзацында «аудандық» деген сөз «Ауылдық учаскелік, аудандық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «қаржы-экономикалық нәтижесінде»:
«268 375,1», «52 806,3», «194 756,3», «20 812,5» «14 137,5», «16 375», «66 587,5», «112 160,8», «64 877,5», «113 000» деген сандар тиісінше «264 731,6», «52 288,7», «219 628,5», «20 267,9», «15 080», «18 714,3», «62 973,4», «114 958», «73 814,3», «114 849,2» деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацта «қалалық және облыстық ауруханалар - 75 297,5 мың теңге;» деген сөздерден кейін «ауылдық учаскелік ауруханалар - 46 417 мың теңге;» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «2006 жылғы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 1257 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 48, 622-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылғы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
7-тармақтың бірінші абзацында «аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды» деген сөздер «аудандық, қалалық, облыстық және ауылдық учаскелік ауруханаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ұйымдарды сәулелі терапияның қазіргі заманғы аппараттарымен және рентген-диагностикалық жабдықтармен жарақтандыруды қоса алғанда, жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2006 жылғы 24 қазандағы
№ 1022 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1257 қаулысымен
Бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне онкологиялық ұйымдарды сәулелі терапияның
қазіргі заманғы аппараттарымен және рентген-диагностикалық
жабдықтармен жарақтандыруды қоса алғанда, жергілікті
деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық
жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
сомасын бөлу
мың теңге
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы