7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: орталық аппарат пен оның аумақтық органдарын бекітілген штат саны лимиті шегінде ұстау; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету; бақылаудағы объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормаларға сәйкестігін бақылау; лицензиялау жүйесін жетілдіру; медициналық көмектің сапасын дәйектілікпен жақсарту; дәрілік заттар мен көрсетілетін фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру; пайдаланушылардың күтулеріне денсаулық сақтау жүйесінің қайырымдылығын арттыру; деректерді жинаудың, жедел тапсырмаларды өңдеудің орташа уақыты және талдау ақпараттық анықтамаларды берудің мерзімдерін қысқарту, облыстардан түскен статистикалық есептерді (жылдық есеп 18 күнге дейін; тоқсандық - 3 күнге дейін) қабылдау мерзімін азайту; орта есеппен 100 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 100 қызметшіні мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту; көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін және оның аумақтық органдарын негізгі құралдармен, шығыс материалдарымен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету; ақпараттық жүйеге ілеспелік және техникалық қызмет көрсету.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1107,4 мың теңге; бір нормативтік-құқықтық кесімді әзірлеуге орта есеппен жұмсалатын шығын - 10522,4 мың теңге; салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бір іс-шараны орындауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 124,0 мың теңге; бір штаттан тыс қызметшіні бір жыл ұстауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 234,0 мың теңге; аумақтық органның бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 835,4 мың теңге; бір қызметшінің ел ішінде біліктілігін арттыруға орта есеппен жұмсалатын шығын - 14,9 мың теңге; бір қызметшінің шетелде біліктілігін арттыруға орта есеппен жұмсалатын шығын -
2114,2 мың теңге;
мемлекеттік және ағылшын тілінде оқытуға орта есеппен жұмсалатын шығын - 16,5 мың теңге; орталық орган мен оның аумақтық бөлімшелерін жарақтандыруға бір қызметкерге есептегендегі орта есеппен жұмсалатын шығын - 11,5 мың теңге; ақпараттық жүйелерге ілеспе жасауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 1 662,9 мың теңге;
есептеуіш техника құралдары мен жүйелерге жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге бір есептеуіш техника құралы бірлігіне есептегендегі орта есеппен жұмсалатын шығын - 88,7 мың теңге; бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға және техникалық сараптамаға сәйкес Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.
Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін көтеру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
266-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 153557 мың теңге (бір жүз елу үш миллион бес жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 35, 43-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары; "Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 400 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 629, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 70 пайызы.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығын мөлшері - жылына 167300 теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері 5147 теңге. Қысқы және жазғы каникул кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 АЕК мөлшерде ақшалай өтемақы төлеу.
Уақтылығы: денсаулық сақтау саласында орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандардың күтілетін бітірушілер саны кемінде 285 адам.
Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
267-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгi
кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 4383580 мың теңге (төрт миллиард үш жүз сексен үш миллион бес жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 3 , 25, 26, 27, 43 және 44-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-баптары; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) әскери даярлау, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; "Ерекше мәртебесі бар оқу орындары жөніндегі типтік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Мемлекеттік атаулы стипендияларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 қаулысы; "Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімі бар жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасымен әскери даярлауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары: