БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің
2004 ж. 25 ақпандағы № 190 бұйрығы
(ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005.30.03. № 157 Бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 25 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіби медициналық, дәрігерлік немесе фармацевтикалық қызметке дайындығын айқындау мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда № 2120 тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 25 қаңтардағы № 4 (109) жарияланған "Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 1071 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық шыққанға дейін берілген біліктілік санаттары берілгені туралы куәліктер маман сертификатына теңестірілген деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Айдархановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Досқалиев Ж.

"Денсаулық сақтау саласында

біліктілік емтихандарын өткізу

ережесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2004 жылғы 25 ақпандағы

№ 190 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласында біліктілік

емтихандарын өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға санат беруге біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.