«Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 Қаулысы (2006.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының
2006 жылға арналған жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 Қаулысы

(2006.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы

№ 94 қаулысымен

Бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2006.01.06. № 488 (бұр.ред.қара); 2006.05.06. № 508 (бұр.ред.қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау

жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині- Әділет министрлігі;

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

Қаржымині- Қаржы министрлігі;

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі;

МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі;

Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

БҒМ - Білім және ғылым министрлігі;

Қоршағанортамині - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі;

ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі;

ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі;

ІІМ - Ішкі істер министрлігі;

Қорғанысмині - Қорғаныс министрлігі;

ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі;

ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;

ТСМ - Туризм және спорт министрлігі;

ҚНҚҰРҚА - Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;

ҚПА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);

АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;

ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

ПКҚ - Президенттің күзет қызметі;

БП - Бас прокуратура;

ЖС - Жоғарғы Сот.