Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы
20 қазандағы № 406 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 30 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 3-тармағын және "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы № 248-ө өкімін орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
| Төраға |
|
|
|
|
|
| К. Омаров |
Индустрия және сауда
министрлігінің Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
төрағасының
2004 жылғы 20 қазандағы
№ 406 бұйрығымен
бекітілген
Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер