Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 5/809 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 3/665 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі қоғамдық кеңес қосымшаға сәйкес құрамы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі қоғамдық кеңес туралы Ереже бекітілсін.
3. Алматы қаласының әкімі Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі қоғамдық кеңестің жеке құрамын заңмен белгіленген тәртіпте Алматы қалалық Мәслихатының бекітуіне жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Боқашқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 5/809
қаулысына 1 қосымша
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
жөніндегі қоғамдық кеңестің
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | Алматы қаласының әкімі, төраға |
Боқаш Ғалым Қабдолұлы |
Алматы қаласы әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Дәндіғұлов Амантай Асанұлы |
Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, төрағаның орынбасары |
Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы |
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, хатшы |
|
Кеңес мүшелері:
|
Бейдалы Махамбет Бейдалыұлы | Алматы қаласы Әділет департаментінің директоры |