Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң ресми
мәтiндерiн кейiннен жариялау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 тамыздағы № 938 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2002 жылғы 22 тамыздағы
№ 938 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң
ресми мәтiндерiн кейiннен жариялаудың ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялаудың тәртібін айқындайды.
2. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында түрлерi көзделген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауды (бұдан әрi кейiннен жариялау) осы Ережеде белгiленген тәртiппен осындай құқық алған баспа басылымдары жүзеге асырады.
3. Осы Ереже нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау қажеттiгi туралы дербес шешiм қабылдайтын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағына қолданылмайды.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.