Темір жол қызметтерінің лауазымдар (кәсіптер) тізбесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы
25 ақпандағы № 103-І Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 Бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол қызметтерінің лауазымдар (кәсіптер) тізбесі және оларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т. Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі Ю.И. Лавриненкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.