«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 30-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес:
1) нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомство активтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 30-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006
жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
Ескертпе:
Қаржымині* - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.