Ескертпе:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуға тиіс.
13, 14, 15-бағандары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті.
16, 17-бағандарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі болуға тиіс:
1 - зейнеткерлік жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
4 - Орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша зейнетақы төлемiне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде зейнетақы төлемдерi тағайындалуына;
5 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты;
8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне(леріне) зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын жерлеуге төлеу;
11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 Қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылармен», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылармен)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегi
мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - Орталық) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтер берілген күннің алдындағы жұмыс күнгі мұндай мәліметтерді осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталыққа берілетін салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің құрылымы мыналарды қамтуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмірі мен күні, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күні, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мәліметтерді беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен, ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, ағымдағы күнгі Астана қаласы уақытының 23 сағат 30 минутынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Орталыққа келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама және Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттама жібереді..
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 344 Қаулысымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Орталық күн сайын, осы қордың салымшылары жөнінде төлемдердің мынадай санаттары бойынша:
1) 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге;
2) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға зейнетақы тағайындау туралы өткен жұмыс күні бойынша мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларына береді.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталыққа салымшылармен (алушылармен)
міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы
жасалған және қолданылуы
тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну
ережесіне қосымша
200__жылғы «__» ______ _____________________Орталыққа беретін
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар
туралы мәліметтер
кестенің жалғасы
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен ескерту өзгертілді
Ескерту:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс.
13, 14, 15-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті
16, 17-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға міндетті
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бірлестігi
12 - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтік ЖЗҚ үшін).
13 - әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан тағайындалған зейнетақы жинақтарына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу: