«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 129 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 27 ақпандағы № 129 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары» деген 1-бөлімде:

«Қазақстан Республикасының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2005 жылға арналған дамуын бағалау» деген 1-тарауда:

жиырма алтыншы абзацтағы «3215,2» деген сандар «32152» деген сандармен ауыстырылсын;

«Экономиканың 2006 - 2008 жылдары жұмыс істеу жағдайлары» деген 2-тарауда:

«Сыртқы жағдайлар» деген 1-параграфта:

сегізінші абзацтағы «1987 - 1988» деген сандар «1997 - 1998» деген сандармен ауыстырылсын;

Тауар рыноктары» деген параграфта:

бірінші абзацтағы «2004» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;

«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 4-тарауда:

«Макроэкономикалық саясат және 2006 - 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы» деген 1-параграфта:

«Қазақстан Республикасының 2005 - 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы» деген кестеде:

«Өнеркәсіптік өнім көлемі, млрд. теңге» деген жолда:

3-бағандағы «4915,4» деген сандар «5009,3» деген сандармен ауыстырылсын;

«өткен жылға %-бен» деген жолда:

4-бағандағы «107,6» деген сандар «107,5» деген сандармен ауыстырылсын;

«Мұнайдың әлемдік бағасы (Вrent қоспасы), бір баррель үшін доллары» деген жолда:

3-бағандағы «47» деген сандар «49» деген сандармен ауыстырылсын;

«Мұнайдың экспорттық бағасы, бір баррель үшін АҚШ доллары» деген жолда:

3-бағандағы «35,3» деген сандар «36,8» деген сандармен ауыстырылсын:

жиырма екінші абзацта:

«40 - 47» деген сандар «40 - 49» деген сандармен ауыстырылсын;

«30 - 35,3» деген сандар «30 - 36,8» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлім осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы" деген 3-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«2006 - 2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлім осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлім осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2006 жылғы

27 ақпандағы № 129 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2005 жылғы

26 тамыздағы № 884 қаулысымен

Бекітілген

 

2-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштерi

 

 

* Базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледi

** шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді есепке алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының 0,45%-ы ретінде есептеледi

ескертпе:

Қазақстан Республикасының кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;

өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндіруге арналған стандарттар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 7-тармағына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бекітіледі.

 

 

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерi

(тауарлары, жұмыстарына) бағалардың және тарифтерінің

шекті өсуінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2006 жылғы

27 ақпандағы № 129

қаулысына 2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2005 жылғы

26 тамыздағы № 884

қаулысымен бекітілген

 

 

3-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды

көрсеткіштерінің болжамы

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2006 жылғы

27 ақпандағы № 129

қаулысына 3-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2005 жылғы

26 тамыздағы № 884

қаулысымен бекітілген

 

 

4-бөлім. 2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және

әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық)

бағдарламалардың тізбесі

 

кестенің жалғасы