«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 27 ақпандағы № 129 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары» деген 1-бөлімде:
«Қазақстан Республикасының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2005 жылға арналған дамуын бағалау» деген 1-тарауда:
жиырма алтыншы абзацтағы «3215,2» деген сандар «32152» деген сандармен ауыстырылсын;
«Экономиканың 2006 - 2008 жылдары жұмыс істеу жағдайлары» деген 2-тарауда:
«Сыртқы жағдайлар» деген 1-параграфта:
сегізінші абзацтағы «1987 - 1988» деген сандар «1997 - 1998» деген сандармен ауыстырылсын;
Тауар рыноктары» деген параграфта:
бірінші абзацтағы «2004» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;
«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 4-тарауда:
«Макроэкономикалық саясат және 2006 - 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы» деген 1-параграфта:
«Қазақстан Республикасының 2005 - 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы» деген кестеде:
«Өнеркәсіптік өнім көлемі, млрд. теңге» деген жолда:
3-бағандағы «4915,4» деген сандар «5009,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«өткен жылға %-бен» деген жолда:
4-бағандағы «107,6» деген сандар «107,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Мұнайдың әлемдік бағасы (Вrent қоспасы), бір баррель үшін доллары» деген жолда:
3-бағандағы «47» деген сандар «49» деген сандармен ауыстырылсын;
«Мұнайдың экспорттық бағасы, бір баррель үшін АҚШ доллары» деген жолда:
3-бағандағы «35,3» деген сандар «36,8» деген сандармен ауыстырылсын:
жиырма екінші абзацта:
«40 - 47» деген сандар «40 - 49» деген сандармен ауыстырылсын;
«30 - 35,3» деген сандар «30 - 36,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлім осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы" деген 3-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«2006 - 2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлім осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлім осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.